22.11.2012, 14:51 3017

Үкімет басшысы Қашаған жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Атырау облысында жүр. Үкімет басшысы алдымен Каспий теңізінің айдынында орналасқан және Қашаған жобасының инфрақұрылымдық бөлігі болып табылатын "D" жасанды аралына барды.

Астана. 22-қараша. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Қашаған жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Атырау облысында жүр. Үкімет басшысы алдымен Каспий теңізінің айдынында орналасқан және Қашаған жобасының инфрақұрылымдық бөлігі болып табылатын "D" жасанды аралына барды.

Серік Ахметов аралдың пайдалану-техникалық кешенінің (ПТК) технологиялық жабдықтарын көріп, Қашағанда мұнай мен газды өндіруге қатысты дайындық жұмыстарының барысымен танысты. ПТК тәулігіне 450 мың баррельге дейін мұнай өңдеуге есептелген.

Премьер-Министр "Қашаған" жобасының тағы бір нысаны "Аджип ККО" компаниясының "Болашақ" зауытының құрылысын да аралап көрді.

Онда мұнай мен газды кешенді тасымалдау жұмыстарына әзірліктің технологиялық қырлары жөнінде, сондай-ақ зауыттың Қашаған кен орнынан тауарлық мұнайды қабылдауға дайындығы туралы мәселелер сөз болды. Кәсіпорында мұнайды сорғыту, оны қоспалардан тазарту, Қашағанды тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру барысында мұнайды сақтау және экспорттау жүзеге асырылатын болады. Зауыт қуаттылығы жыл сайын 22,5 млн. тонна мұнай мен 6 млрд. текше метр газды қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны