12.04.2010, 12:06 3074

Үкімет басшысы Қазақстанның оңтүстік шекараларын нығайтуды қаржыландыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Үкімет басшысы Қазақстанның оңтүстік шекараларын нығайтуды қаржыландыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстанның оңтүстік шекараларын нығайтуды қаржыландыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өмірзақ Шүкеев мырза, сізге Оңтүстік Қазақстан облысына барып, оңтүстік шекараларды нығайту мәселелерін дәйектеу қажет шығар, кейінгі болған оқиғаларға байланысты бірінші кезекте елдің оңтүстік шекараларын нығайтуды қаржыландыру жұмыстарын жеделдету қажет", - деді Кәрім Мәсімов үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеевке қаратып айтқан сөзінде.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, "қазір шекарадағы ахуал тұрақты, проблема жоқ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі де, облыстық ІІД де күшейтілген режимде жұмыс істеуде, облыста жасақтар шығарылуда".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны