19.03.2007, 12:08 2763

Үкімет басшысы "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ дамыту мәселесі жөнінде жұмыс кеңесінде қордан нақты нәтижелер мен нақты жобаларды талап етті

АСТАНА. 19-наурыз. Kazakhstan Today. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов сенбіде "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ дамыту мәселесі жөнінде жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қордың басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдегендей, "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ құрамындағы даму институттарының мақұлданған жобалар портфелі 4 миллиард АҚШ долларын құрайды.

"Бүгінде акционердің міндеттерін нақты айқындаған құрылым құрылды, даму институттарының кадрлық құрамы өзгертілді. Жалпы, мемлекет басшысы біздің алдымызға қойған үлкен міндеттерді біз үкіметпен бірлесіп іске асыратындай түсінік және көзқарас бар",- деп атап өтті Қ. Келімбетов.

Кеңесті қорыта келе, премьер-министр "Қазынаның" жобасы Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға, оның индустриалдық-инновациялық дамуына бағытталуы қажеттігін еске салып өтті.

"Мемлекет қазірдің өзінде жан-жақты көмек көрсетуде, ал келешекте "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ қызметіне одан әрі қол ұшын беретін болады". Бірінші кезекте "Үкімет сіздерден нақты жобаларды және ең бастысы, нақты оң нәтижелерді талап етеді",- деп қадап айтты К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны