28.11.2006, 13:03 2763

Үкімет басшысы Кедендік кодекске еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қатысты түзетулерді тез арада парламентке енгізуді тапсырды

АСТАНА. 28-қараша. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін өткен үкіметтің отырысында тиісті мемлекеттік мекемелерге Кедендік кодекске жеке заң жобасының көмегімен еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қатысты түзетулерді тез арада парламентке енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Белгісіз себептермен қыркүйектің басында дайындалған бұл құжатты күні бүгінге дейін ұстап отырмыз. Ал еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қатысты проблемалардың шешімі айрықша маңызды күйінде қалып отыр",- деді Д.Ахметов.

"Бұл заң жобасын бүгіннен кешіктірмей енгізуді тапсырамын",- деді Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны