21.10.2008, 13:54 1496

Үкімет басшысы кеше қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды

Үкімет басшысы кеше қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы кеше қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Шымкентте Біріккен Араб Имірліктерінің президенті шейх Халифа Заид Ил Нахаянмен кездесті. Бас қосуда екі ел арасындағы сауда-экономика жайы мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ тараптар екі елдің үкіметі мен бизнес қауымдастықтарының тығыз байланысының арқасында көлік және коммуникация, құрылыс, энергетика және мұнайхимия салаларының жылдам дамып келе жатқанына тоқталды. Үкімет басшысы сондай-ақ оңтүстіктегі сапары кезінде облыс орталығындағы үлескерлер қаржысына тұрғызылған көпқабатты тұрғын үй кешенінде болып, өңірдің дамуына қатысты бірқатар маңызды жобалардың қалай жүзеге асырылып жатқанымен танысты. Жалпы бүгінде Шымкентте 15 коммерциялық нысан бой көтерсе, оның алтауы жергілікті үлескерлердің еншісінде. Бұл мақсатқа кәсіпкерлер 40 млн АҚШ долларын жұмсаған.

Үкімет басшысы бұдан соң Сайрам ауданында елдегі азық-түлік қорын молайту мақсатында салынған 1 гектар жылыжайды да аралады.

Оңтүстікте Елбасы тапсырмасына сәйкес атқарылып жатқан тірліктерге Кәрім Мәсімов мынадай баға берді: "Елбасы әлемдік қаржы дағдарысына байланысты өткен аптада үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Бүгінгі сапар барысында осы міндеттемелердің жергілікті жерде орындалу барысымен таныстым. Исіресе ұлттық компаниялар мен холдингтерге бөлінген қаржының тиімді жұмсалап жатқанына көз жеткіздім. Атқарылып жатқан жұмыс қанағаттанарлық деңгейде",-деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны