14.02.2007, 18:15 3062

Үкімет басшысы Қызылорда облысының басшылығына Сырдарияның жағалауын бекіту үшін шетелдік тәжірибені зерттеуге тапсырма берді

ҚЫЗЫЛОРДА. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін оқиға орнында Қызылорда облысындағы су тасқыны ахуалымен танысқан республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өңір басшылығына Сырдарияның жағалауын бекіту үшін шетелдік тәжірибені зерттеуге тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Шетелдік тәжірибені зерделей отырып, мейлінше сапалы құрылыс материалдары мен технологияларға көшуді, жағалауды балдыр мен қоқыстан тазартып, өзеннің түбін арнайы гидротехникалық құрылғыларды пайдалана отырып тереңдетуге тапсырма беремін", деді бүгін К.Мәсімов облыс атқамінерлерімен кездесуде. "Қарапайым қадағалау нәтижесі көрсеткендей, Сырдария өзенінің арнасы әсіресе елдімекендердің маңында мүлдем реттелмейтіндігі белгілі болды. Бұл жайтты түпкілікті шешу қажет", деді үкімет басшысы.

К.Мәсімовтың айтуынша, қалалық гидротораптан бастап газқұбырлы станцияға дейін қорғаныс бөгетті бекітіп, "жағалауды жайластыру қажет". Қызылорда қаласында тұратын 220 мың адам ұдайы қорқыныш ахуалында өмір сүруге тиіс емес, деді үкімет басшысы.

Үкімет басшысы облыстық әкімшілікке ҚР ауылшаруашылыығ министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитетімен бірлесіп жобалық-сметалық құжаттарды дайындауды жүктеді.

Сонымен бірге К.Мәсімов су тасқынынан зардап шеккендердің өтініштерін мұқият қарап, "әр адамға көмек көрсетуге тырысуды" тапсырды.

Облыс атқамінерлерімен кездесуде үкімет басшысы сонымен бірге таза ауыз су тауқыметіне қатысты мәселені де көтерді. Қазақстанға жаппай ортақ бұл проблеманың Қызылордада тіптен өзекті екенін үкімет басшысы атап өтті. Осыған байланысты К.Мәсімов қаланы жер асты су көздеріне көшіру жұмысымен тығыз айналысуды ұсынды.

Өңірді газдандыру мәселесіне де назар аударылды. "Президенттің осы тапсырмасы күні бүгінге дейін толық орындалмаған", деді үкімет басшысы.

Сонымен бірге ол энергетика және минералоды ресурстар министрлігіне мемлекет пен жеке меншік секторды жобаны қаржыландыруға бірдей жұмылдыра отырып, екінші газқұбырлы станция салу мәселесін қарастыруды ұсынды.

"Арал өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері жоғары. Біз үкімет тарапынан жан -жақты қолдау көрсетуге кепілдік береміз", деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны