21.02.2007, 13:45 3130

Үкімет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен бармақ

АҚТАУ. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін күннің екінші жартысында Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен бармақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, К. Мәсімов Түпқараған ауданындағы "Тениз сервис" пен "Agip KCO" компанияларына тиесілі теңіздегі мұнай операцияларын қолдау базасана барады.

Сонымен қатар, үкімет басшысы Ақтаудың Халықаралық теңіз айлағына барып, теңіз айлағын кеңейту жөніндегі жобаның екінші кезегін жүзе асыру барысымен танысады.

К. Мәсімов, сондай-ақ "Қазақатомөнеркәсібі" МАЭК" ЖШС мен "Қазазот" ЖШС химиялық кешенінің жұмысымен және де оларды дамытудың болашағымен таныспақ.

Премьер министр Кәрім Мәсімовтың облыстағы жұмыс сапары облыстық әкімшіліктегі жиналыспен аяқталады. Онда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз қозғалмақ. Үкімет басшысы инвестициялық жобалармен танысады. Осы іссапары барысында премьер-министр облыс басшылығының алдына бірқатар міндеттер қояды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны