21.10.2008, 10:12 1399

Үкімет басшысы Шымкентте Біріккен Араб Имірліктерінің президенті шейх Халифа Бен Заид Ил Нахаянмен кездесті

Үкімет басшысы Шымкентте Біріккен Араб Имірліктерінің президенті шейх Халифа Бен Заид Ил Нахаянмен кездесті

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Республика премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше Шымкентте мемлекет басшысының тапсырмасымен Біріккен Араб Имірліктерінің президенті шейх Халифа Бен Заид Ил Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Үкімет жетекшісі мәртебелі қонақпен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық барысын талқылады. Тараптар екі ел басшыларының бұған дейінгі келісімдерін Қазақстан мен Біріккен Араб Имірлігі арасындағы сауда-экономикалық, нақтырақ айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру барысын талқылады. Екі ел үкіметі мен бизнес қоғамдастығының тығыз ынтымақтастығы арқасында көлік және коммуникация, құрылыс, энергетика және мұнай-химия салаларында бірнеше жобалар жүзеге асырылмақ. Кәрім Мәсімов бірқатар маңызды жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткен Имірліктің басшылығына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Біріккен Араб Имірлігі іскерлерінің Қазақстан экономикасына инвестиция салуына қолдау көрсетуге әзір екенін айтты. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық экономиканың одан әрі дамуына ықпал ететіндігі туралы пікірлерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны