14.12.2007, 19:09 3013

Үкімет басшысы Түркия Республикасының президентімен кездесті

Үкімет басшысы Түркия Республикасының президентімен кездесті

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Астанадағы "Rixos" қонақ үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Түркия Республикасының президенті Абдолла Гүлмен кездесті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Тараптар екі жақты қазақстан-түрік қарым-қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Ауыл шаруашылығы, көлік және энергетика салаларындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажеттігі атап өтілді.

Келіссөздер соңында тараптар қазақстан-түрік қатынастарының одан әрі жемісті дами түсетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны