19.10.2006, 13:38 2631

Үкімет басшысы жұмыс тобына Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмыс істеу моделін жасауды тапсырды

АСТАНА. 19-қазан. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Даниал Ахметов үкіметтің жұмыс тобына Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмыс істеу моделін жасауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Д.Ахметов Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың капиталын толықтыру үшін "жылжымайтын мүлік, жер ресурстары мен стратегиялық маңызы барларынан басқа жер қойнауларын, инфрақұрылымдық нысандарды" корпорациялардың иелігіне беру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. "Бұған қоса Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың капиталына қазірде республикалық бюджетке аударылатын экологияны пайдаланғаны үшін төлемдердің кейбір түрін беру мүмкіндіктерін зерттеуді тапсырамын",- деп мәлімдеді Д.Ахметов бүгін үкіметтің отырысында.

Осыған байланысты үкімет басшысы "барлық өткеріп берілетін активтердің нарықтағы құнын бағалауға" тапсырма берді. "Активтер Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың иелігіне өткеннен кейін акционерлік қоғамдар құрылады. Сөйтіп Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтағы тауқыметтерді шешу үшін капитал тарту мүмкіндігіне ие болады",- деді ол.

"Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың іс-қызметінде инновациялық жобаларға басымдық беріледі",- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, "республикалық бюджетте әрбір Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға (барлығы 7) 2 млрд. тңгеден бөлу көзеделген".

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құруға қатысты кезек күттірмейтін мақсататрды шешуге үкімет басшысы жұмыс тобына бір ай уақыт берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны