20.04.2012, 11:12 3075

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасайды

Сапар аясында Серік Ахметов ауыл шаруашылығы кешендерін аралайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған кеңес өткізеді.

Астана. 20-сәуір. Kazakhstan Today - Үкімет басшысының бірінші орынбасары Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша бірінші вице-премьер Серік Ахметов бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасайды.

Сапар аясында Серік Ахметов ауыл шаруашылығы кешендерін аралайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған кеңес өткізеді.

Түстен кейін бірінші вице-министр бірқатар өнеркәсіптік және құрылыс кәсіпорындарының, энергетикалық кешен нысандарының жұмысымен танысады деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны