08.01.2007, 16:56 3086

Үкімет басшысының лауазымына бірнеше кандидатура қарастырылуда (нақтыланған нұсқа)

АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның үкімет басшысы лауазымына бірнеше кандидатура қарастырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, бір ақпарат көзінің хабарлауынша, үкімет басшысы лауазымына Кәрім Мәсімовтың кандидатурасы ұсынылмақ. Ал тағы бір ақпарат көзі үкімет басшысы лауазымына Иділбек Жақсыбековтың аты ұсынылады деп хабарлайды.

Сәрсенбіде өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысында президент үкімет басшысының лауазымына кандидатураны таныстырады деп күтілуде. Констиуцияға сәйкес, республика үкімет басшысын тағайындауға президентке парламент келісімін беруге тиіс. Парламент палаталарының бірлескен кезекті отырысы 10-қаңтарға межеленген.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы үкіметтің жаңа құрамын жасақтау үшін жалпыұлттық "Нұр Отан" партиясының басшылығымен консультациялар өткізді.

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанға дейін қазіргі үкімет мүшелері өз міндеттерін атқара береді.

К.Мәсімов 2006-жылдың қаңтар айында вице-премьер болып тағайындалды. Ал 2006 жылдың сәуірі мен қазан айлары аралығында экономика және бюджетті жоспарлау министрлігін қоса басқарды.

Иділбек Жақсыбеков 2004-жылдың желтоқсан айында ҚР президенті әкімшілігінің төрағасы болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны