06.03.2007, 11:06 3222

Үкімет басшысының Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары басталды

СЕМЕЙ. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін 10 сағат 15 минутта үкімет мүшелері мінген ұшақ Семей әуежайына келіп қонды. Делегацияны Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов пен Семей әкімі Нұрлан Омаров күтіп алды.

Сапар барысында үкімет басшысымен қырық шақты адам, соның ішінде тоғыз министр еріп жүр: көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов, денсаулық сақтау министрі Антолий Дерновой, индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов, энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов, мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев, әділет министрі Зағипа Балиева, туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова бар. Сонымен бірге делегация құрамында мәжілістің төрт депутаты, " "Қазатомпром ҰК" АҚ президенті, "Қазына" тұрақты даму қоры басқармаларының төрағасы тағы басқа адамдар бар.

Иуежпйдан тура тікұшаққа мінген үкімет басшысы Абай ауданына аттанды. Бұл жерде үкімет басшысы Жидебайдағы Абай Құнанбаевтың кесене кешенінде болады. Сосын Шульбинский су электр станциясына баруды, сондай-ақ онкологиялық диспансер мен 2-ЖЭО жылу көзінде болып қайтуды жоспарлаған.

Іссапардың аяқталуына орай, Кәрім Мәсімов Семей қаласының белсенділерімен және де қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен бірге отырыс өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны