16.11.2011, 12:12 3785

Үкімет Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру мәселесі жөніндегі заң жобасына енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Еліміздің Қаржы министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасын әзірлеген.

Астана. 16-қараша. Kazakhstan Today - Үкімет Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру мәселесі жөніндегі заң жобасына енгізілетін түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, еліміздің Қаржы министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасын әзірлеген.

"Бұл заң жобасының мақсаты - Үкіметтің 2011 жылдың 4 наурызындағы қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) жүзеге асыру, сондай-ақ оңтайландыру процедураларын қолдануға қатысты банкроттық жүйені жетілдіру болып табылады",- деді бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Болат Жәмішев.

Министрдің айтуынша, заң жобасын қабылдау Бағдарламаны жүзеге асыру аясында орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерге қатысты қаржылық сауықтыру процедураларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, заң жобасы қолданыстағы сауықтыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді, берешектерді соттан тыс реттеу әдістерін ынталандыруға жайдай жасайды және жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны