01.12.2011, 12:47 3333

Үкімет энергия тиімділігі жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады

Аталған құжатты индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Тілеушин таныстырды. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде энергия тиімділігі әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің дамуының негізі болып табылады.

Астана. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкімет энергия тиімділігі жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған құжатты индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Тілеушин таныстырды. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде энергия тиімділігі әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің дамуының негізі болып табылады.

"Біздің елде бұл тұрғыда ауқымды әлеует бар" деді ол. Қ.Тілеушиннің айтуынша, энергияны көп пайдаланатын салалардың бірі - өнеркәсіптік өндіріс саласы. Бүгінде оның үлесінде энергия пайдаланудың 70 пайызынан астам көрсеткіші қамтылып отыр. Атап айтқанда, бүгінде еліміздегі 15 ірі кәсіпорын 30 пайыздан астам электр энергиясын пайдаланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны