08.05.2007, 14:54 2969

Үкімет қаулысымен Қарағанды, Сарань қалалары мен Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының шекаралары өзгертілді

АСТАНА. 8 - мамыр. Kazakhstan Today. Үкімет қаулысымен Қарағанды, Сарань қалалары мен Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының шекаралары өзгертілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып.

2003 жылдың 20-маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 13-бабы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8-желтоқсанында қабылданған "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 11-бабына сәйкес үкімет Қарағанды облысының әкімшілігі мен Қарағанды облыстық мәслихаттың Қарағанды, Сарань қалалары мен Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының шекаралары өзгерту туралы ұсынысымен келісуге қаулы шығарды. Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, "Бұқар жырау ауданынан Қарағанды қаласының әкімшілік шекарасына 7627 гектар және Сарань қаласына 2107,2 гектар жер, сонымен қатар Сарань қаласының әкімшілік шекарасына Қарағанды қаласынан 4632 гектар жер мен Бұқар жырау ауданына 12 444 гектар жері оны пайдаланудың құқықтық режимі сақтала отырып қосылды"

Осындай қаулыға Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов 2007 жылдың 24-сәуірінде қол қойған. Ол ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны