17.05.2010, 13:34 3791

Үкімет Қазақстан президентінен жер қойнауын пайдалану құқығын беруге жарияланған мораторийді жартылай алуды сұрайды

Үкімет Қазақстан президентінен жер қойнауын пайдалану құқығын беруге жарияланған мораторийді жартылай алуды сұрайды

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Үкімет Қазақстан президентінен жер қойнауын пайдалану құқығын беруге жарияланған мораторийді жартылай алуды сұрады. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев бүгін үкіметте өткен отырыс барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына минералды-шикізат ресурстарының атсалысуы мен мемлекет басшысы қойған мораторийға келсек, қазір үкімет осы мораторийді алу жөнінде мемлекет басшысының атына мәлімдеме дайындап жатыр", - деді И. Исекешев.

Оның айтуынша, "жай ғана мораторийді алу емес, нақты әрі жақсы жоба мен инвестор болса, индустрияландыру бағдарламасының сол нақты бір бағыттары бойынша алу" ұсынылып отыр. "Егер бұл ел үшін және сала үшін жақсы жоба болса, онда мемлекет қолұшын созады. Егер бұрынғыдай инвестор кенішті алып, ештеңе істемейтін болса, онда мемлекет басшысы айтқандай, мұндай әрекеттерге жол берілмейді, оларға тыйым салынады", - деді И. Исекешев.

"Біз мемлекет басшысынан индустрияландыру бағдарламасына белсене атсалысуға дайын жер қойнауын пайдаланушыларға қолдау көрсетуді сұрамақшымыз", - деді ол.

Отырыс аяқталған соң журналистерге сұхбат берген министрдің түсіндіруінше, " жер қойнауын пайдалану құқығын беруге жарияланған мораторий жайлы сөз болып отыр". Министрдің айтуынша, бұл мораторий Қазақстан аумағында мемлекет басшысының жарлығымен осыдан 2 жыл бұрын енгізілген. "Бүгінгі күні кеніштер оңды-солды таратыла бермей, тек қана индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін ғана берілетіні енді түсінікті жайт",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны