02.06.2009, 12:59 1416

Үкімет "Қуат" корпорациясының проблемалы нысандарын салып бітіру үшін "Самұрық - Қазына" мен "Қазкоммерцбанкті" қаржыландыру схемасын бекітті

Үкімет "Қуат" корпорациясының проблемалы нысандарын салып бітіру үшін "Самұрық - Қазына" мен "Қазкоммерцбанкті" қаржыландыру схемасын бекітті

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет "Қуат" корпорациясының проблемалы нысандарын салып бітіру үшін "Самұрық - Қазына" мен "Қазкоммерцбанкті" қаржыландыру схемасын бекітті. Осындай шешім бүгін өткен үкіметтің отырысында қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры Қайрат Ийтекеновтың хабарлағанындай, ""Самұрық - Қазына", "Қазкоммерцбанк", "Қуат" және Алматы қалалық әкімдігі арасында 21 мамырда Алматыдағы құрылыс нысандарын салып бітіруге бағытталған күш-жігерді біріктіру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Осы меморандумның аясында "Қуат" корпорациясының бос мүлкі "Қазкоммерцбанк" құрған жобалаушы компаниясына беріледі. "Самұрық - Қазына" өз кезегінде осы жобалық науқанды қаржыландыру үшін "Қазкоммерцбанкке" қаржы құюы керек. Сөйтіп, оның пікірінше, "Алматыдағы үлескерлерге қатысты ең соңғы проблема шешімін табады".

Өз кезегінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың айтуынша, "жақсы жұмыстар тындырылды, осы шешімдерді қолдап, хаттамамен бекіту қажет".

"Үкімет "Самұрық - Қазынамен" бірлесе отырып үлестік құрылысқа қатысты барлық мәселенің шешілуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Енді тек қабылданған шешімдерді орындау керек",- деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны