25.05.2007, 14:35 3020

Үкімет Шу аңғарында полицияның есірткіге қарсы арнаулы бөлімін құру идеясын қолдады - ІІМ

АСТАНА. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметі республика Ішкі істер министрлігінің Шу аңғарында полицияның есірткіге қарсы арнаулы бөлімін құру идеясын қолдады. Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінің мекемеаралық үйлестіру бөлімінің аға оперативтік уәкілі Айша Дүйсенбекова бүгін өткен бсспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз қазір үкіметке Шу аңғарында қатарында 30 қызметкері бар есірткіге қарсы бөлімше құру туралы ұсыныспен шықтық. Ұсынысқа қолдау білдірілді, қазір осы құрылымның қызметкерлерінің санына қатысты мәселе үкіметтік деңгейде талқыланып жатыр",- деді А.Дүйсенбекова.

Комитет өкілінің хабарлауынша, ІІМ болашақ бөлімшені жол талғамайтын көліктермен және тіпті тікұшақпен қамтамасыз етуді көздеп отыр. "Бұл мәселе кешікпей оң шешімін табады деп сенеміз. Өйткені, республикалық бюджет тарапынан да, халықаралық ұйымдар тарапынан да көмек көрсетіледі деп межеленген",- деді ол.

А.Дүйсенбекованың айтуынша, "қазіргі күні Шу аңғарында бақылауды жүзеге асыратын бөлімшелер көптеген халықаралық ұйымдар мен елшіліктерден көмек алады. Кешегі күні ғана Германия елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті. Онда жабдықтар кешені табыс етілді. Ол шұғыл ақпаратпен алмасуға және байланыспен қамтамасыз етуге коммуникациялары жоқ, бір-бірінен шалғайда орналасқан бөлімшелердің өзара байланысқа шығуына арналған",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осыдан бір ай бұрын есірткі саудасымен күрес комитетінің басшысы Маратқали Нүкенов ІІМ-нің республиканың оңтүстігінде есірткіге қарсы "Дельта-Долина" деп аталатын арнаулы бөлімін құрмақ ниетте екенін, оның "халықаралық есірткі сатушы құрылымдарды анықтаумен айналысатынын" хабарлаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны