30.06.2008, 10:36 2926

Үкімет "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасын мақұлдады

Үкімет "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 28 маусым күні үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметіне қатысты 8 құжаттан тұратын пакетке қол қойды. Оның арасында ҚР Индустрия және сауда министрлігінің "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасы да бар, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы және басқа да заңнамалық актілерге тиісті өзгертулер мен олықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасалған және енгізілген. Бұл заң жобалары ИКК құқықтық мәртебесін, құрылу мен қызмет ету ерекшеліктерін, жойылуын, оларға активтер беру тәртібін, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен өзара ықпалдасу тәртібін, сондай-ақ, тиісті аумақтардың әлеуметтік өміріне қатысуын реттейді", - деді индустрия және сауда министрі Владимир Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны