23.05.2008, 10:02 1374

Үкімет "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ пен "Өркен" АҚ басқарма төрағаларын тағайындауды тапсырды

Үкімет "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ пен "Өркен" АҚ басқарма төрағаларын тағайындауды тапсырды

Алматы. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 мамырдағы № 484 қаулысымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Алмаз Шарманның заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарма төрағасы етіп сайлануын қамтамасыз етсін деп тапсырылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 мамырдағы № 485 қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Хафиза Өтеулинаның заңнамада белгіленген тәртіппен "Өркен" акционерлік қоғамы басқармасының төрайымы болып сайлануын қамтамасыз етсін деп тапсырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны