24.01.2017, 21:00 4695

Үкімет жұмыс тобымен бірлесіп, Мемлекет басшысыныӊ өкілеттігін қайта бөлу жөнінде 32 ұсыныс әзірледі

Елбасы Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобыныӊ отырысына қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елбасы Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобыныӊ отырысына қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев отырыста мемлекеттік биліктіӊ тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуыныӊ жүйелі және заӊды кезеӊі болып табылатынын атап өтті.

- Мен ұсынған бес институционалдық реформаныӊ бірін іске асыру Үкіметке экономика саласында қосымша атқарушылық өкілеттіктер беруді көздейді. Бұл орайда қорғаныс қабілетініӊ, сыртқы саясаттыӊ, мемлекеттік басқарудыӊ, Конституцияны қорғаудыӊ және мемлекеттік билік тармақтары арасында тиімді жұмысты қамтамасыз етудіӊ негізгі мәселелері Президенттіӊ құзырында қала береді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы әуел бастан Қазақстан Президентініӊ ерекше құзырына жатқызылған өкілеттіктер саныныӊ азаятынына назар аударды.

- Мысалы, бағдарламаларды бекіту, Үкіметтегі кадрлық өзгерістер мәселелері, жаӊа басқару органдарын құру Үкімет пен Парламенттіӊ құзырына берілуі мүмкін, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті мемлекеттік басқару жүйесінде Парламенттіӊ рөлін пәрменді түрде күшейту қажеттігін атап өтті.

- Біздіӊ жағдайда Үкімет жеӊіске жеткен партиядан немесе фракциядан жасақталады. Осылайша, көптеген мәселелер бойынша Парламенттіӊ Үкіметке қатысты рөлі қайта қаралуға тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіліп отырған реформалар мен олардыӊ сәтті іске асырылуына мемлекеттік органдардыӊ жауапкершілігі мәселесіне арнайы тоқталды.

Жұмыс тобыныӊ жетекшісі Елбасыға мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөнінде әзірленген ұсыныстар туралы баяндады.

- Алға қойылған міндетке сәйкес үш бағыт бойынша ұсыныстар әзірленді.

Бірінші. Конституцияға өзгерістер енгізуді қажет етпейтін, Мемлекет басшысыныӊ заӊмен белгіленген өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі ұсыныстар. Бұған қатысты мемлекеттік органдардыӊ ұсыныстары жүйеленді. Жалпы, ұсыныстар әлеуметтік-экономикалық сала мәселелері реттелетін өкілеттіктерге қатысты. Олар - экономиканы, қаржыны, мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері, әкімшілік-аумақтық құрылымныӊ жекелеген мәселелерін шешуге байланысты өкілеттіктер.

Екінші. Жоғарғы Сот пен Бас прокуратура сот және құқық қорғау жүйесініӊ қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді. Олар да Конституцияға өзгерістер енгізуді қажет етпейді. Бұл сот бақылауын күшейтуге, прокурорлардыӊ азаматтық және әкімшілік процеске қатысуын одан әрі шектеуге қатысты ұсыныстар. Барлығы сот-құқықтық сала бойынша конституциялық өзгерістерді қажет етпейтін 13 ұсыныс жасалды.

Үшінші. Жұмыс тобы Конституция нормаларын түзетуді көздейтін 40-қа жуық ұсынысты жеке қарады. Бұл мәселеде депутаттық корпус, ғылыми-сарапшылық қауым белсенділік танытты. Енгізілген ұсыныстар Парламент пен оныӊ палаталарыныӊ өкілеттіктерін кеӊейтуді көздейді, соныӊ ішінде олар Үкімет құрамын жасақтауға да қатысты. Сонымен қатар Үкіметтіӊ Парламент пен оныӊ палаталары алдындағы есептілігін күшейту ұсынылды.

Бұған қоса, Үкіметтіӊ дербестігі мен жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар келіп түсті. Сот-құқық саласын жаӊғыртуға бағытталған ұсыныстардыӊ да бір бөлігі Конституцияны өзгерту мәселесімен байланысты. Атап айтқанда, ол Жоғарғы Соттыӊ мәртебесі мен функцияларын нақтылау мүмкіндігіне және судьяларға қойылатын талаптарды анықтауға қатысты. Прокуратура органдарыныӊ мәртебесі мен өкілеттігін анықтайтын нормаларға түзету енгізу ұсынылды. Конституциялық бақылау тетігін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізілді.

Осылайша, Сіздіӊ қарауыӊызға Конституцияны өзгертпей, заӊнамамен белгіленген өкілеттіктерді қайта бөлуді көздейтін базалық ұстанымдар енгізіліп отыр.

Сондай-ақ, Конституция нормаларына бірінші кезекте Парламенттіӊ өкілеттігін кеӊейтуге, сонымен бірге Үкіметтіӊ дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізу мүмкіндігі жөнінде ұстанымдар әзірленіп, Сіздіӊ қарауыӊызға ұсынылып отыр, - деді И.Жақсыбеков.

Жұмыс тобыныӊ мүшесі З.Федотова ұсынылған түзетулердіӊ сындарлы сипатына тоқталды.

- Біз негізінен Үкімет иеленуге тиісті ұйымдастыру-атқару функцияларын беріп жатырмыз. Бұл - Үкіметтіӊ де жауапкершілігі. Парламенттіӊ жұмысына қатысты алсақ, біз Мәжілістіӊ көп жағдайда келісім беру жөніндегі өкілеттікке ие екенін көріп отырмыз, - деді Мемлекеттік басқару академиясыныӊ профессоры.

Сонымен қатар, жұмыс тобыныӊ мүшесі М.Бекетаев Президенттіӊ өкілеттігі бекітілген нормаларды анықтау жөніндегі Үкімет жүргізген талдауды жариялады.

- 11 конституциялық заӊға, 20 кодекс пен 298 заӊға талдау жасалды. 11 кодекс пен 80 заӊда Президенттіӊ өкілеттігін белгілейтін нормалар қарастырылған. Үкімет жұмыс тобымен бірлесіп, Мемлекет басшысыныӊ өкілеттігін қайта бөлу жөнінде 32 ұсыныс әзірледі. Бұл ұсыныстар Конституцияға өзгерістер енгізбей-ақ, басқа заӊдарға өзгерістер енгізуді көздейді, - деді Иділет министрі.

Сондай-ақ, "Қазақстанныӊ заӊгерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы жүргізілген талдаудыӊ негізінде барлық филиалдарда талқылаулар өтіп жатқанын айтты.

- Заӊгерлер қауымы жүргізіліп жатқан реформаныӊ өзектілігі мен дер кезінде жасалып жатқанын айтып, оған қолдау білдіруде, - деді Р.Мұқашев.

Сонымен бірге отырыста жұмыс тобыныӊ басқа да мүшелері сөз сөйледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны