15.03.2007, 16:20 2824

Үкіметте еліміздің электр энергетикасы мен газ саласын дамыту мәселелері жөнінде екі жұмыс тобы құрылмақ

АСТАНА. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Қазақстанның электр энергетикасы мен газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметітң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші мәселе бойынша негізгі баяндаманы энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов жасады. Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының электр энергетикалық саласын дамыту жөніндегі 2015 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары туралы толық тоқталып өтті. Жоспардың аясында қолданыстағыны қайта құрылымдау және 2007-2015 жылдарға арналған жаңа қуаттылықты енгізу көзделінген. Қазір, Б. Ізмұхамбетовтің айтуынша, жабдықтардың ескіруі едәуір байқалуда, бұл электр энергиясының өндірісін шектеуде. Соның салдарынан бүгінгі күннің өзінде Қазақстанның кейбір өңірлері электр энергиясының жетіспеушілігін едәуір бастан кешіп отыр.

Қазақстанның газ саласын дамыту туралы баяндай келе, энергетика және минералды ресурстар министрі республикамызда 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 27 млрд. текше метр газ өндірілгенін мәлім етті. Алайда, оның айтуынша, "Қазақстанның газ әлеуеті толықтай ашылып болған жоқ". Бүгінде көгілдір отынның 98 пайызы еліміздің бастысында өндірілсе, ал Жамбыл мен Қызылорда облыстарының еншісіне 2 пайыз ғана тиесілі.

Кеңес қорытындысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов электр энергетикасы мен газ саласында біраз жұмыстар жасалғанын, бірақ бұл аздық ететінін атап өтті. Атап айтқанда, электр энергетикасы саласын дамыту жөнінде іс-шаралар жоспарын жөнінде баяндама әзірлеп, оны үкіметке енгізу қажет.

Осыған орай, К. Мәсімов өз орынбасары А. Мусинге қаралған мәселелер жөнінде екі жұмыс тобын құрып, оған жетекшілік жасауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны