03.02.2009, 10:38 1941

Үкіметте халық санағына қатысты мәселелер талқыланды

Үкіметте халық санағына қатысты мәселелер талқыланды

Астана. 3 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет үйінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Өмірзақ Шүкеевтің төрағалығымен 2009 жылы халық санағына жәрдем беру жөніндегі Республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Санаққа жәрдем беру жөніндегі республикалық комиссия санақшы кадрларды іріктеуді және жергілікті жерлерде статистика органдарына көмек көрсету аясында жоспарлы шараларды жүргізуге қажетті жағдай құру ісін бақылайды.

Мәжіліске министрлер орынбасарлары, облыстар әкімдерінің, сондай-ақ, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, бағынышты ұйымдар мен мекемелерде және тиісті аймақтарда ұлттық халық санағын жүргізу мен ұйымдастыруға жауаптылар қатысты.

Мәжіліс барысында комиссия аймақтардың санаққа дайындық деңгейі, санақшы кадрларды іріктеу туралы жұмыс, оларды оқыту, керек-жарақпен, ғимараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ, жалпыұлттық санақты жүргізу туралы халыққа түсіндірме, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге қатысты мәселелер талқыланды.

Халық санағы жалпұлттық акциясының саяси және әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы атап өтілді. Атап айтқанда, републикалық және жергілікті бюджеттерді анықтау барысында санақ қорытындысы бойынша алынған мәліметтердің маңызды рөлі атап өтілді. Ө.Шүкеев жергілікті бюджеттерге бөлінетін тікелей субвенциялардың мөлшері аймақтағы тұрғындардың санына қарай айқындалатынына тоқталды.

Уақытша санақшы кадрлар санатындағы жұмысқа маусымдық жұмысшылар, жартылай жұмыс күні бойынша және кезекті немесе ақысыз демалыста жүрген қызметкерлер тартылуы керек екені атап өтілді.

Акцияға тартылғандардың жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында бөлінген қаражат пен адами ресурстарды тең жағдайда бөлу, сондай-ақ жоспарланған шараларды мерзімінде өткізуді қамтамасыз ету үшін Ө.Шүкеев барлық жауапты тұлғаларға бір апата мерзім ішінде әр елді-мекен, аудан, облыс деңгейінде санақты жүргізудің күнделікті кестесін құруды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл жергілікті жерлерде статистика жөніндегі Агенттігінің арнайы штабы ұйымдастырған үздіксіз, ақпаратты тәулік бойы жинап, өңдеу арқылы санақты жүргізу барысын бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне 16 ақпанға дейінгі мерзімде халық санағы жөнінде аймақтық комиссияның отырысын өткізіп, барлық қызметтердің халық санағын өткізуге дайындық деңгейін айқындау тапсырылды. Премьер-министрдің орынбасары осы мерзім ішінде әкімдерге Статистика жөніндегі агенттікпен бірлесіп, барлық мемлекеттік органдарда , бағынышты үйымдарда санақты жүргізу барысы туралы ақпараттық - түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, әкімдерге жекеменшік ұйымдардың жетекшілерінің арасында ұжымға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін санақты жүргізу тәртібін түсіндіруді ұйымдастыру жүктелді. Аймақ басшыларына елді-мекендерде ПИК төрағаларының, көше комитеттерінің арасында тиісті үйлер мен көшелерде санақ жүргізудің кестесін жеткізу арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Облыстар әкімдеріне 9 ақпанға дейін санақшылар мен бақылаушы-инструкторлардың толық құрамын іріктеуді, сондай-ақ, статистика органдарына ғимараттарды таңдауда көмек көрсету, тұрғындарды олардың мекен-жайы туралы хабарландыруды қамтамасыз ету жүктелді.

Ө.Шүкеев мемлекеттік органдардың басшыларына бағынышты мекемелер мен орталық мемлекеттік органдардың құрылымдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 5 ақпанға дейін әкімшілік мәліметтерді беруге қатысты статистика органдарына жәрдем беруді тапсырды.

Мәдениет және ақпарат министрлігіне науқанның соңына дейін тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Статистика жөніндегі агенттікке және ҚР Қаржы министрлігінің Кеден комитетіне кеден бекеттеріндегі халықты есепке алу шараларын қабылдау жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны