17.04.2012, 10:31 3368

Үкіметте қазақстандық спортшылардың Лондон олимпиадасына дайындық мәселелері талқыланды

Бүгін Үкімет отырысында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев Қазақстан командалары ұлттық құрамасының биыл Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындарына дайындығы туралы баяндады.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Үкіметте қазақстандық спортшылардың Лондон олимпиадасына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев Қазақстан командалары ұлттық құрамасының биыл Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындарына дайындығы туралы баяндады.

Лондондағы Олимпиадалық ойындар 2012 жылы 27 шілде мен 12 тамыз аралығында өтеді. Ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша, байрақты бәсекеге әлемнің 205 елінен 12 500-ден астам спортшы мен жаттықтырушы қатысқалы отыр.

Лондон Олимпиадасында спорттың 39 түрі бойынша 302 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ең жоқ дегенде 3 алтын медаль, ал барлығы 13 медаль қанжығалауды жоспарлап отыр.

"Еліміздің ұлттық құрамасына барлық жағдай жасалуда. Құраманың салтанатты және спорттық формалары дайын, оларды тасымалдау және жайғастыру мәселелері де шешілді. Халықаралық федерациялармен және техникалық төрешілер құрамымен барлық ұйымдастыру мәселелері тиянақталды",- деп хабарлады Т.Ермегияев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны