14.02.2012, 13:48 4096

Үкіметте тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Ибдірахымов 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Үкіметте тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Ибдірахымов 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Оның құрамына 15 мемлекеттік органның және 16 тұтынушылар қоғамдық бірлестігінің өкілдері кіреді",- деп хабарлады Ғ.Ибдірахымов.

Оған қоса, "Медиация туралы" ҚР Заңын жүзеге асыру мақсатында дау-дамайларды соттан тыс тәртіппен шешумен айналысатын қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін оқыту ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 127 жеке тұлға оқытылды, олардың 58-і кәсіпқой медиаторлар реестріне кіреді.

Сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық тұтынушылар лигасымен қазақстандық тұтынушыларды қолдау және олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалды. Қоғамдық бірлестіктердің, тұтынушылар мен қауымдастық өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдаулар құрылды.

Агенттік басшысы өз сөзінде сондай-ақ, 2011 жылы мемлекеттік органдарға, әкімдіктер мен қоғамдық бірлестіктерге тұтынушылардан 6510 арыз-шағым түскенін атап көрсетті.

"Ақаулы тауарлар сату, сапасы төмен қызмет көрсету, қызметтің кешіктіріліп көрсетілуі, тауарлар мен қызметтерде дайындаушылар туралы мәліметтердің көрсетілмеуі сияқты фактілер арыз-шағымдардың денін құрап отыр. Исіресе, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, жер қатынастары, сауда-саттық, тұрмыстық техниканы және автокөлікті жөндеу, қоғамдық тамақтандыру және туризм салаларында мұндай шағым-арыздардың көбейгені байқалады",- дейді Ғ.Ибдірахымов.

Тұтынушы құқықтарының бұзылу фактілері бойынша монополияға қарсы шаралар қолданылуда. Жүргізілген тексерулердің 30 пайыздан астамы ТКШ саласы мен азық-түлік нарығында, мұнай өнімдері мен телекоммуникация нарықтарында анықталып отыр.

Агенттік тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсыныс-кеңестер әзірлейтін Ведомствоаралық жұмыс тобын құруды ұсынды. Оның құрамына мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны