12.10.2006, 18:22 2687

Үкіметте Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру мәселесі жөнінде кеңес өтті

АСТАНА. 12-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін үкіметте Даниал Ахметовтың төрағалығымен Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру мәселесі жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорация желісін құру президенттің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында іске асырылады. Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес және үкіметтің тиісті қаулысымен Қарағанды облысында Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құрудың ілкі жобасы жүзеге асырылуда. Мұнда "Сарыарқа" "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ құрылды. Қоғамның жарғылық қорына үкімет резервінен 284,4 млн. теңге бөлінді. Биылғы жылдың соңына дейін еліміздің өңірлік даму институттары болатын жеті корпорация құрылуы керек. Олар "Самұрық" холдингі және бюджеттік даму бағдарламалары, даму институттары көмегімен жүзеге асатын әрі орталықта қалыптасатын индустриялық-инновациялық стратегияның нақты орындалуын реттейтін болады.

Мемлекет Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына коммуналдық меншіктің бағаланбаған активін, тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорындарды, сондай-ақ аудан мен облыс көлеміндегі жер телімі мен инфрақұрылымды береді. Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметінен түскен кіріс өңірдің әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалатын болады.

Ақпаратты тыңдай келе, үкімет басшысы индустрия және сауда министрлігіне, энергетика және минералды ресурстар министрлігіне және Қарағанды облысының әкімдігіне Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылымын ұйымдастыруды бір ай мерзімде анықтауды, қызметкерлер құрамын жасау мәселесін нақты әзірлеуді, Қарағанды облысында іске асырылуы мүмкін инновациялық-инвестициялық жобаларға талдау жасауды тапсырды.

Икімдікке облыстағы кен орындарының, табиғи ресурстардың тізбесін жасау және оларды іске асыруға мораторий енгізу ұсыныс етілді. Бұдан басқа, инфрақұрылым мәселесін, көлік логистикасын, өңірлік және жергілікті басқару органдары мен жекеменшік секторды қатыстыру көзқарасы тұрғысынан ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайды зерттеу міндеті жүктелді.

Тапсырманың орындалуы туралы ақпарат бір айдан соң үкіметте тыңдалатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны