14.09.2016, 08:38 2714

Үкіметтегі өзгерістер Қазақстанныӊ қазіргі қауіп-қатерлерді лайықты еӊсеру қажеттігінен туындады -ҚР Президенті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ақордада БАҚ өкілдері үшін мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық және құрылымдық өзгерістер мәселелері жөнінде брифинг өткізді.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ақордада БАҚ өкілдері үшін мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық және құрылымдық өзгерістер мәселелері жөнінде брифинг өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтегі және бірқатар мемлекеттік органдардағы жаӊа тағайындаулар мен құрылымдық өзгерістерге түсініктеме бере отырып, олардыӊ қазіргі сын-қатерлерді лайықты еӊсеру қажеттілігінен туындағанын айтты.

"Жақында облыстардыӊ, Астана мен Алматы қалалары әкімдерініӊ қатысуымен өткен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында дағдарыспен күрес жұмысынан экономиканыӊ өсімін ынталандыру бағдарламасына көшу жөніндегі шаралар талқыланды. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуды, атап айтқанда, ауыл шаруашылығында, тұрғын-үй құрылысында және басқа да салаларда халықтыӊ табысын арттыруды көздейді. Осыған байланысты жаӊа министрлер кабинеті алдына нақты міндеттер қойылды. Үкімет құрамында жасалған өзгерістер басқарушылардыӊ жаӊа буыныныӊ, соныӊ қатарында "Болашақ" бағдарламасы түлектерініӊ де уақыты келгенін көрсетеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жасалған өзгерістер халықтыӊ әл-ауқатын арттыруға, экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстанныӊ қарқынды дамуына бағытталғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны