06.06.2018, 20:21 4537

Үкіметтіӊ және Есеп комитетініӊ 2017 жылғы республикалық бюджеттіӊ атқарылуы туралы есептері қаралды

Айта кетейік, 2017 жылы республикалық бюджеттіӊ кірісі бөлігі 9 691,8 млрд.теӊгені құраған.

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен өткен жалпы отырыста Үкіметтіӊ және Есеп комитетініӊ 2017 жылғы республикалық бюджеттіӊ атқарылуы туралы есептері қаралды.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, талқылау барысында депутаттар Елбасымыздыӊ бюджет қаржыларын жоспарлы жұмсауға байланысты тапсырмасын басшылыққа алды.

Талқылау бірнеше сағатқа созылды. Осы ретте өткен жылғы бюджеттіӊ атқарылуыныӊ жетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты айтылды.

Қорытынды сөзінде Мәжіліс Төрағасы:

-Елбасымыз айтқандай, "мемлекеттіӊ ақшасы - ол - халықтыӊ ақшасы".Сондықтан, оныӊ әрбір тиыны нәтижелі және тиімді жұмсалу керек. Бұл біздіӊ жұмысымыздыӊ еӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі. Осы жолда бүгін өзіміз куә болғандай, атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Бірақ та, кейбір кемшіліктер де әлі бар. Оныӊ барлығы бүгінгі талқылау кезінде айтылды.

Сонымен бірге, депутаттарымыз көптеген ұсыныстарды да жеткізді.

Алдағы жұмыста Үкімет те, Есеп комитеті де осы ұсыныстарды ескеру қажет деп есептейміз,-деді.

Айта кетейік, 2017 жылы республикалық бюджеттіӊ кірісі бөлігі 9 691,8 млрд.теӊгені құраған.

Ал, қаражаттыӊ тиімсіз жұмсалу сомасы 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге артқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны