19.01.2007, 10:29 1345

Икімшілік реформалар аясында министрліктерге жеке жұмыс істеуге мол мүмкіндік беріледі - премьер-министр

АСТАНА. 19 қаңтар. Kazakhstan Today. Икімшілік реформалар аясында министрліктерге жеке шешім қабылдауға мол мүмкіндік беріледі. Бұл жөнінде мәдениет және ақпарат министрлігінің кеше Астанада өткен алқа жиынында үкімет басшысы Мәсім Кәрімов мәлімдеді.

"Икімшілік реформалар аясында министрліктерге жоспарлау , қаржыландыру, өз қызметтеріне қатысты, кадрмен қамтамасыз ету, және өз қызметкерлерін ынталандыру жүйесін жасау мәселелерінде жеке шешім қабылдауға мол мүмкіндік беріледі",-деді К.Мәсімов.

"Қайсібір министрліктің құзырындағы шешім қабылдау міндеті сол министрлікке жүктеледі",-деді үкімет басшысы.

"Менің пікірімше, министрдің құзырындағы мәселелерді шешу жолы, сол министрдің өзіне айқынырақ, сондықтан да ол үкіметтің орталық аппаратының қатысуынсыз да жеке шешім қабылдауға құқылы",-деп атап өтті К.Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны