24.12.2008, 15:52 2605

ҰҚК ағымдағы жылы 73 есірткілік топтарды, 76 есірткі арнасын жойды

ҰҚК ағымдағы жылы 73 есірткілік топтарды, 76 есірткі арнасын жойды

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҰҚК ағымдағы жылы 73 есірткілік топтарды, 76 есірткі арнасын жойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ҰҚК органдарының 73 есірткілік топтарды, 76 есірткі арнасын жоюы, 3,7 тонна есірткі затарын алуы, оның ішінде 724 кг героин мен опиум, сондай-ақ 3743 синтетикалық есірткі таблеткаларын тәркілеуі республикадағы есірткі ахуалын айтарлықтай әсер етті".

Шетелдің арнаулы қызметтерімен бірлесе жүргізілген халықаралық іс-шара нәтижесінде Орталық Азиядағы Махмудходжаев атты іргелі есірткі қауымдастығы жойылып, оның Қарағандыдағы көлемді жеткізу базасы, Ресейдің бірқатар қалаларына тарайтын арналары жабылды. Нигериялық есірткі топтарының тармақтарына қатысты қытайлық қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен бірлескен іс-шара алғаш рет өткізілді.

Ірі көлемдегі есірткі жеткізілімдерін ұстау бойынша 46 аймақтық іс-шаралар өткізілді. Есірткі құрылымдарының алты аймақтағы синтетикалық есірткі жеткізілімдерін ұйымдастыру туралы жоспарлары іске аспады.

Есірткі бизнесіне, оның ішінде есірткі заттарының екінші айналымына қатысы бар құқық қорғау органдарының 20 қызметкері ұсталды.

Алынған есірткілерді екінші айналымға жеткізбей жоюдың комитет ұсынған тәртібі қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны