21.12.2016, 15:45 3774

ҰҚК Қазақстан аумағында "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни-экстремистік ұйымыныӊ ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша жұмыстарды бастады

Жедел іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Алматы қаласында жүргізілуде.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ұлттық қауіпсіздік комитеті 21 желтоқсанда еліміздіӊ аумағында "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни-экстремистік ұйымыныӊ ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша жұмыстарды бастады,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметі.

Жедел іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Алматы қаласында жүргізілуде.

ҰҚК ақпаратына сәйкес, діни алауыздықты қоздыру және тыйым салынған ұйымдардыӊ іс-әрекетіне қатысу бойынша күдікті болған 16 адам ұсталып, ҰҚК аумақтық органдарына жеткізілді.

Олардыӊ тұрған жерлері бойынша тінту және басқа да жедел-тергеу, процессуалдық іс-әрекеттері жүргізілуде.

"Бұл ұйымдардыӊ мүшелерініӊ "сенбеушілік үшін айыптау" немесе "такфир" деп аталатын ұстанымды насихаттайтыны белгілі, олар, өз кезегінде "Ил-Каида", "ДАИШ" және басқа да бірқатар террористік ұйымдардыӊ идеологиясында құрылған",- делінген хабарламада.

ҰҚК ақпаратына сәйкес, "Ат-Такфир уаль-Хиджра" жолын ұстанушылар Сирия мен Ирактағы террористердіӊ іс-әрекеттерін қолдайды, сондай-ақ еліміздіӊ конституциялық заӊдары мен зайырлы басқару түрін мойындамайды.

Аталған ұйым 2014 жылы сот шешімімен экстремистік деп танылып, оныӊ әрекетіне Қазақстан аумағында тыйым салынған. Ол АҚШ, Ресей, Қытай, Мысыр, Ливия, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан және өзге де елдердіӊ террористік ұйымдар тізбесіне қосылған.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті операция барысы және одан әрі тергеу нәтижесі туралы хабарлайтын болады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны