04.12.2009, 18:31 4629

ҰҚК Терроризмге қарсы күрес орталығының 2009 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды

ҰҚК Терроризмге қарсы күрес орталығының 2009 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды

Алматы. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - 4 желтоқсанда болып өткен ТҚО ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының мәжілісінде ҰҚК Терроризмге қарсы күрес орталығының 2009 қызметінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәжіліске қатысушы 9 республикалық министрлік пен ведомство өкілдері терроризмге және экстремизмге қарсы әрекет ету саласындағы бірлескен іс-шараларды одан әрі жандандыру шараларын талқылады. Комиссия жұмысының жоспары және 2010 жылға арналған республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды өткізу кестесі бекітілді.

ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары - Терроризмге қарсы күрес орталығының басшысы генерал-лейтенант Иділ Шаяхметов өз сөзінде ағымдағы жылда халықаралық келісімдерді ратификациялау, әрекеттегі заңнаманы жетілдіру, ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік қауіпсіздік негіздерін нығайту бойынша бірқатар салмақты іс-шаралар іске асырылды деп атап өтті.

ТҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының және ҰҚК облыстардағы департаменттері жанындағы үйлестіру топтарының тарапынан мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігін нығайту және ықтимал террорлық қауіп-қатерлерге жауап қату механизмдерін жетілдіру бойынша, сондай-ақ стратегиялық және басқа да террорлық тұрғыдан жанды объектілердің террорға қарсы қорғанысын күшейту бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Есеп беру кезеңінде Ақтау қаалсында тамызда "Запад-Антитеррор-2009" толық ауқымды республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Жалпы алғанда еліміз бойынша жоспарлы 194 терроризмге қарсы оқу-жаттығу мен жаттығу өткізілді, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны