09.07.2014, 22:49 3882

ҰКП Қазақстандағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасы жобасын дайындады

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен Астана қалалық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып корпоративті әлеуметтік жауапкершілік мәселесін талқылады.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен Астана қалалық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып корпоративті әлеуметтік жауапкершілік мәселесін талқылады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Орта Азияның Еуразия қоры" корпоративтік қорымен бірлесе отырып Қазақстандағы корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің ұлттық тұжырымдамасы жобасын дайындады.

"Біз корпоративті әлеуметтік жауапкершілік дегенді тұтынушыға, қоршаған ортаға қатысты ерікті түрде қосымша жауапкершілік арқалау деп түсіндіреміз. Бұл еңбек қауіпсіздігі мәселесі де. Бүгінде бизнес қоғаммен санаса отырып бірге жұмыс істеуі керек", - дейді ҚР ҰКП Илеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов.

Айта кету керек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің корпоративтік әлеуметік жауапкершілігі туралы Ұлттық тұжырымдама әзірледі. Бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігін ынталандыруға бағытталған құжаттың жобасы Үкімет қарауына жіберілді.

Ұлттық тұжырымдама мемлекет пен бизнес, азаматтық қоғамның сенімді әріптестігі арқылы Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруда бірыңғай жүйе қалыптастыруға арналған.

Осыған орай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның Азаматтық Альянсы және Астана қалалық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік Тұжырымдамасы жобасын талқыға салмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны