09.10.2015, 15:21 4251

Украина Президенті Петр Порошенконыӊ Қазақстанға ресми сапары аясында кеӊейтілген құрамдағы келіссөздер өтті

Кездесу барысында Елбасы Қазақстан мен Украинаны достық және өзара құрметке негізделген тығыз тарихи қарым-қатынастар байланыстыратынына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бүгінде тегі украин 300 мыӊнан астам азамат тұрып жатқанына, олар біздіӊ қоғамныӊ бөлінбес бөлшегі ретінде еліміздіӊ дамуына зор үлес қосып отырғанына назар аударды

Астана. 09 Қазан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Елбасы Қазақстан мен Украинаны достық және өзара құрметке негізделген тығыз тарихи қарым-қатынастар байланыстыратынына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бүгінде тегі украин 300 мыӊнан астам азамат тұрып жатқанына, олар біздіӊ қоғамныӊ бөлінбес бөлшегі ретінде еліміздіӊ дамуына зор үлес қосып отырғанына назар аударды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы сондай-ақ мейлінше өзекті саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланған шағын құрамдағы кездесудіӊ нәтижелі болғанын айтты.

Көптеген мәселелер жөнінде бізде толық түсіністік бар. Мемлекетаралық комиссияныӊ алдағы отырысы барысында барлық негізгі бағыттар егжей-тегжейлі пысықталады. Бүгінгі бизнес форум да іскер топтарымыздыӊ арасындағы ынтымақтастыққа өз үлесін қосатын болады. Қазір обьективті себептерге байланысты тауар айналымыныӊ төмендегеніне қарамастан, біз ынтымақтастығымызды бұдан әрі де нығайта түсу үшін мүмкіндіктер тауып отырмыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Украина Президенті өз кезегінде тарихи оқиға - Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы мерекеленіп жатқан кезде сапарлап келуге шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. П.Порошенко бүгін өткен келіссөздер сауда-экономикалық, гуманитарлық және саяси серіктестікті жандандыруға септігін тигізетініне де сенім білдірді.

- Мен Сізге елдеріміздіӊ арасындағы сенімге, өзара құрметке негізделген саяси диалогты дамытуға деген ниетіӊіз үшін ризамын. Біз Қазақстан мен Украина қарым-қатынастарыныӊ әлеуетін іске асыруға тиіс екенімізге сенімдімін. Қазақстанныӊ іргелі халықаралық құқық қағидаттарын берік ұстанатындығы, сондай-ақ Сіздіӊ елдіӊ халықаралық ұйымдарда жоғары рөл атқарып отырғаны мен үшін және бүкіл украин халқы үшін аса маӊызды, - деп атап өтті Украина Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны