19.04.2012, 13:15 3284

Украинада Тимошенкоға қатысты жаңа сот процесі басталды

Качанов колониясында жазасын өтеп жатқан Юлия Тимошенко, "Украинаның бірыңғай энергетикалық жүйелерінің" басшысы кезінде лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғандығы туралы іс бойынша, бүгін басталуы тиіс сот отырысына қатысудан бас тартты. Бас тартуды Украинаның бұрынғы премьері денсаулық жағдайымен түсіндірді.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Харьковта Украинаның бұрынғы премьері Юлия Тимошенкоға қатысты жаңа сот басталуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Качанов колониясында жазасын өтеп жатқан Юлия Тимошенко, "Украинаның бірыңғай энергетикалық жүйелерінің" басшысы кезінде лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғандығы туралы іс бойынша, бүгін басталуы тиіс сот отырысына қатысудан бас тартты. Бас тартуды Украинаның бұрынғы премьері денсаулық жағдайымен түсіндірді.

Тимошенко өз өтінішінде Харьков қаласының Киев аудандық сотының 2012 жылғы 2 сәуірдегі ескерту қағазы арқылы, өзіне бірқатар қылмыстарға қатысты тағылып отырған айыптаулар бойынша № 2310 қылмыстық іс, 19 сәуір күні сағат 10:00-де алдын ала қарастырырылатындығы туралы ақпараттандырылғанын жазды.

"Украинаның ҚПК-мен қарастырылған өз құқықтарымды пайдалана отырып, жоғарыда аталған іс бойынша алдын ала отырысты денсаулығымның жағдайына байланысты менің қатысуымсыз өткізуіңізді сұраймын", - деп жазды Тимошенко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны