29.07.2014, 20:10 7491

ҰҚШҰ мүше елдер бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық - 2014" бірлескен оқу-жаттығулары басталды

Бүгін Қырғыз Республикасының "Ала-Тоо" оқу орталығында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық - 2014" бірлескен оқу-жаттығулары басталды,- деп хабарлайды www.mod.gov.kz сайты.

Алматы. 29 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Қырғыз Республикасының "Ала-Тоо" оқу орталығында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық - 2014" бірлескен оқу-жаттығулары басталды,- деп хабарлайды www.mod.gov.kz сайты.

Оқу-жаттығуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттері қарулы күштерінің жедел топтары қатысады.

Бірлескен шара барысында Ұйымға мүше алты елдің бітімгершілері ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштері бөлімшелерінің бейбітшілікті қолдау бойынша операцияларды жүргізу мәселелерін жүзеге асырады.

Сондай-ақ, бөлімшелердің жеке құрамы жүк тасымалын бақылау, жауынгерлік техника, оқ-дәрі және жарылғыш заттардың заңсыз кіріс-шығысының жолын кесуді жүзеге асыруға қатысады. Ұйымға мүше елдердің әскери қызметшілері "Мызғымас бауырластық - 2014" оқу-жаттығуы шеңберінде күзет және өмірлік маңызы бар нысандарды қорғау, гуманитарлық жүк тиелген лектерді алып жүру, ұжымдық бітімгершілік күштері персоналына медициналық жәрдем көрсету сияқты тәжірибелік
іс-қимылдарды пысықтайды.

"Мызғымас бауырластық - 2014" оқу-жаттығуына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен Аэроұтқыр әскерлерінің батальон басқармасы, десантты-шабуылдау ротасы, инженерлік-саперлік взвод және Иуе қорғанысы күштерінің үш Ми-17 тікұшағы қатысады.

Оқу-жаттығудың шешуші кезеңі 1 тамызда өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны