08.09.2006, 18:04 2368

Илемдік діндер жетекшілерінің сьезі кезінде Елордасында 1600-ден астам тәртіп сақшысы тәртіптің сақталуын қадағалайды

АСТАНА. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі кезінде Елордасында 1696 тәртіп сақшысы тәртіптің сақталуын қадағалайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ІІ сьезд қыркүйектің 12 мен 14 аралығында Астанада өтеді. Сьезге 40-тан астам өкілдер қатысады.

Астана қалалық ІІД-нің ақпаратына сәйкес, Елордасындағы оперативтік ахуалды сауықтыру үшін қыркүйектің 1 мен 7 аралығында қала аумағында "Құқық пен тәртіп" атты шұғыл-профилактикалық шара өткізілді. Шара кезінде қалада 54 қылмыс тіркеліп, оның 50-і әшкереленді. Сонымен бірге ертеректе жасалған тағы 28 қылмыстың беті ашылды. Іздеуде жүрген 16 қылмыскер құрықталды. Түрлі тәртіп бұзушылық әрекеттері үшін 3207 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны