28.05.2008, 12:20 1348

Үлескерлердің мәселесін реттеу үшін үкіметтің қаржысы мен мүмкіндіктері жеткілікті - Мәсімов

Үлескерлердің мәселесін реттеу үшін үкіметтің қаржысы мен мүмкіндіктері жеткілікті - Мәсімов

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет "үлескерлердің мәселесін реттеуге қаржысы мен мүмкіндіктері жеткілікті" деп сендіруде. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің алдын-ала есептеулеріміз бойынша, Астана мен Алматының 157 құрылыс нысанына және олардың үлескерлері болып отырған 30 мыңнан астам азаматқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі", - деді К. Мәсімов.

Оның деректері бойынша 9000 мың адам үлескер болып отырған 148 нысанның "құрылысын өз бетімен аяқтайды". "Бізде 34 құрылыс нысандарына қатысты мәселе туындап отыр, оларға қатысты істерді сотта қарап, банкрот деп тану талап етілуде. Икімдіктерге бұл мәселені шешу міндеті жүктелді ", - деп атап өтті ол.

"Үлескерлердің мәселесін реттеу үшін үкіметтің қаржысы мен мүмкіндіктері жеткілікті ", - деп атап өтті К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны