05.03.2015, 15:49 3875

Ұлттық Банк пен ИҚДҚ Қазақстанныӊ ислам қаржы нарығын дамытуда ынтымақтасады

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) мен "Исламдық қаржыны дамыту қауымдастығы" заӊды тұлғалар бірлестігі (ИҚДҚ) Қазақстанныӊ ислам қаржы нарығын дамыту саласында ұзақмерзімді өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітті

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) мен "Исламдық қаржыны дамыту қауымдастығы" заӊды тұлғалар бірлестігі (ИҚДҚ) Қазақстанныӊ ислам қаржы нарығын дамыту саласында ұзақмерзімді өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлттық банктіӊ баспасөз қызметі таратқан ақпарға сүйенсек, осы меморандум аясында исламдық қаржыландыру саласындағы заӊнаманы жетілдіру бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірленеді, сондай-ақ елдегі исламдық қаржыландыруды дамыту және танымал ету жөніндегі конференциялар, форумдар, семинарлар ұйымдастырылады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, ҚРҰБ және ИҚДҚ Исламдық қаржыландыруды дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі жол картасында көзделген, Қазақстанныӊ экономикасына инвестициялар тартуға, оныӊ ішінде исламдық қаржыландыру құралдарын пайдалана отырып тартуға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны