30.09.2009, 16:21 6334

Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы стратегиялық нысандардың тізіміне қамтылды

Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы стратегиялық нысандардың тізіміне қамтылды

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ ұлттық холдингтер мен (немесе) ұлттық компаниялардың немесе олармен аффилиирлік тұлғалардың, сондай-ақ, мемлекет қатысқан басқа да заңды тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жарғылық капиталына берілген стратегиялық нысандардың тізіміне қамтылды. Бұл туралы ҚР үкіметінің 2009 жылдың 17 қыркүйегіндегі №1398 қаулысында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Стратегиялық нысандарды меншіктенетін заңды тұлғалардағы акциялар пакеті (қатысу үлесі, пайы) деген бөлім мынадай жолмен толтырылсын: "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ -ның акцияларының 100% пакеті" деген жол қосылсын", - делінген қаулының мәтінінде.

Академик Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен 2008 жылдың қаңтарында құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны