05.05.2015, 09:44 3776

Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модидіӊ құттықтау жеделхаты

Үндістан Премьер-Министрі екі мемлекет халқыныӊ да әл-ауқатына ықпал еткен және бүкіл өӊірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа айтарлықтай үлес қосқан Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өз елініӊ әрдайым бейілді екенін атап өтті.

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - Н.Моди Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеӊісімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қайта сайлануыӊыз Қазақстан халқыныӊ Сіздіӊ көреген көшбасшылығыӊызға деген сенімініӊ жарқын айғағы болып табылады. Сізге қарқынды дамып және өркендеп келе жатқан ұлт қалыптастыру жолындағы күш-жігеріӊіздіӊ табысты болуын тілегім келеді. Қазақстан Сіздіӊ басшылығыӊызбен ілгерілеу мен дамудыӊ жаӊа сатысына аяқ басатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Үндістан Премьер-Министрі екі мемлекет халқыныӊ да әл-ауқатына ықпал еткен және бүкіл өӊірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа айтарлықтай үлес қосқан Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өз елініӊ әрдайым бейілді екенін атап өтті.

"Мен екіжақты байланыстарды күшейту және әртараптандыру жөніндегі бірлескен мүмкіндіктерді талқылау үшін Сіздіӊ ұлы еліӊізге алдағы сапарымды тағатсыздана күтудемін. Сіздіӊ қолдауыӊызбен түрлі саладағы ынтымақтастығымызды болашақта бұдан да жоғары деӊгейге көтере алатынымызға сенімдімін", - делінген жеделхатта.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны