29.03.2018, 17:38 6705

UNWTO бас хатшысы: Қазақстанныӊ болашағы - туризмде

Абылай Мырзахметов БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымыныӊ (UNWTO) бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті

Астана. 29 наурыз. Kazakhstan Today - 27 наурызда "Атамекен" ҚР ҰКП БасқармаТөрағасы Абылай Мырзахметов БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымыныӊ (UNWTO) бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті.

Кездесуге "Атамекен" ҚР ҰКП БасқармаТөрағасыныӊ орынбасары Юлия Якупбаева, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетініӊ төрайымы Майнура Мұрзамәдиева және "KazakhTourism" ҰК Басқарма Төрағасы Рушид Күзембаев қатысты.

Бас қосуда тараптар визалық-миграциялық тәртіп, Қазақстан арқылы транзиттік жолаушылар ағымын дамыту әлеуеті, сондай-ақ Қазақстан өнімініӊ бірегейлігін анықтау мәселелерін талқылады.

"Үкімет Қазақстандағы туризмді дамудыӊ басым бағыттарыныӊ бірі ретінде белгіледі. Бүгінде өӊірлерде осы саланы дамытуға айтарлықтай назар аударылып отыр. Біз барлық өӊірдегі туристік нысандарға инвентаризация жүргіздік, жол картасы дайындалды, өӊірлік туристік қауымдастықтар құрылды. Өӊірлік кәсіпкерлер палаталары мен құрылған қауымдастықтар туристік фирмаларға, көлік компаниялары мен қонақ үй бағытында қызмет атқаратын кәсіпкерлердіӊ басын қосып, мәселелерді талқылап, түсіндіре алады", -деп атап өттіАбылай Мырзахметов.

Өз кезегінде Зураб Пололикашвили Қазақстанға деген ықыласы мен зор алғысын білдірді. Сонымен қатар Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

"Қазақстан байтақ та көркем. Қызықты орындар өте көп, өкініштісі, өзім әлі ол жерлерге бармадым. Алматы туралы көп естідім. Сондай-ақ, Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы, оныӊ ішінде туризм саласында қауіп өте төмен екенін атап өткім келеді. Көршілес жатқан Қытай мен Ресей - туристер ағымыныӊ кепілдендірілген нарығы. Бір ғана міндет - сапалы өнім шығару", -деп атап өтті UNWTO бас хатшысы.

Тараптар Қазақстан арқылы транзитті дамыту үшін жаӊа әуе бағыттарын ашу мүмкіндігін де талқылады.

"Біз Астана-Мадрид немесе Астана-Барселона бағыты бойынша жаӊа бағыт ашуға қолдау көрсету мүмкіндігін талқылағымыз келеді. Бұл Испания мен Португалиядан келетін туристердіӊ санын арттыруға мүмкіндік берер еді", - деп ұсыныс білдірді ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Юлия Якупбаева.

UNWTO бас хатшысы бұл бастаманы қолдауға әрі Астанада да, Мадридте де мүдделі тараптармен келіссөз ұйымдастыруға көмектесуге дайын екенін айты. Мұнымен қоса, Зураб Пололикашвили Қатар арқылы да тікелей бағыттыӊ жоқтығына назар аудару керек екенін ұсынды. Оныӊ айтуынша, Қатарда рейс ашу Қазақстанныӊ туристік саласына инвестор тартуға септігін тигізер еді.

Кездесу соӊында Зураб Пололикашвили "Атамекен" ҚР ҰКП басшылығымен өткізетін келесі кездесуге туризм саласында жүзеге асыратын дайын жобаларды алып келуге уәде берді, сондай-ақ Қазақстан брендімен байланысты "Қазақстан болашағы - туризмде" деген ұранды да айтты.

UNWTO бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесу Қазақстан Үкіметініӊ арнайы шақыртуы арқылы болған іс-сапары аясында өтті. Бұл жаӊа Бас хатшыныӊ шетелге алғаш рет ресми жасаған сапары, бұл UNWTO мен Қазақстанныӊ арасындағы байланысты жоғары деӊгейде екенін көрсетеді.

2019 жылдан бастап Астанада UNWTO қолдауымен тұрақты түрде ITB-Eurasia халықаралық туристік көрме өткізу жоспарланған. Бұл ТМД елдері арасындағы еӊ ірі шараға айналмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны