21.05.2009, 13:56 1294

Исет Исекешев индустрия және сауда министрі болып тағайындалды (толықтырылған)

Исет Исекешев индустрия және сауда министрі болып тағайындалды (толықтырылған)

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан президентінің жарлығымен Исет Исекешев индустрия және сауда министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мекеменің бұған дейінгі басшысы Владимир Школьникті үкімет басшысы "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК басшысына тағайындауға нұсқау берді.

Исет Исекешев 1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келді, қазақ.

1994 жылы Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетін, 1998 жылы ҚР Президенті жанындағы Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiн бітірді.

1995 - 1997 жж. Медеу ауданы прокуратурасында тағылымдамашы, прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі болып жұмыс істеді; ҰЖМБМ тыңдаушысы (1997-98 жж.).

1998 - 1999 жж. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінде бас маман болып жұмыс істеді.

1999 - 2000 жж. ҚР Иділет министрлігі орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2000 - 2001 жж. аралығында - "Ұлттық заң қызметі" ЖАҚ президенті.

2001 - 2002 жж. аралығында - "Сұңқар" АПК" ЖШС төрағасының бірінші орынбасары, "Ұлттық консалтингтік топ" ЖШС президенті, "Ордабасы" корпорациясы" ААҚ корпоративтік даму және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті, бірінші вице-президенті.

2002 жылғы қараша - 2003 жылғы маусым аралығында - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2003 жылдан бастап - ҚР Индустрия және сауда вице-министрі.

2006 жылдан бастап - "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2007 ж. - 2008 ж. аралығында - "Credit Swiss (Қазақстан)" ЖШС қаржылық жобаларының маркетингі жөніндегі директоры.

2008 жылғы наурыздан бері - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

Ал В.Школьник 1949 жылы туған. Мәскеу инженерлік-физика институтын бітірген, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1966 жылы бастаған. 1992 жылдан Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің бас директоры. 1994 жылдан ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрі. 1996 жылдан ҚР Ғылым академиясының президенті және ғылым министрі. 1999 жылдан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі. Ал 1999 жылдың қазанынан ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрі.

2000-2007 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Энергетика және минералдық ресурстар министрі, ҚР Индустрия және сауда министрі. 2007 жылдың басынан Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі Басшысының орынбасары қызметінде болған.

2008 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны