08.05.2013, 13:41 11764

Үш адам көз жұмып, төртеуі жарақаттанған ірі жол апатына кінәлі тұлға анықталды

6 мамыр күні кешкісін Оралда ірі жол апаты орын алып, салдарынан үш адам қаза тапты.

Орал. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Үш адам көз жұмып, төртеуі жарақаттанған ірі жол апатына кінәлі тұлға анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

6 мамыр күні кешкісін Оралда ірі жол апаты орын алып, салдарынан үш адам қаза тапты.

БҚО ІІД жол полициясы басқармасының инспекторы, полиция капитаны Динара Абдулқалықованың айтуынша, жол апаты "Ауди А6" автокөлігін мас күйінде айдаған жүргізушінің кінәсынан болғаны анықталды. Ол қарсы бетке шығып кетіп, "ВАЗ-21723" автокөлігімен соқтығысқан. Одан әрі, "ВАЗ-21723" көлігіне жолдың қарсы бетінде келе жатқан №22-ші бағдарлы автобус соқтығысады. Салдарынан жеңіл автокөліктің М. есімді 1975 жылғы жүргізушісі мен оның 1974 жылғы М. және 1976 жылы туған Н. есімді екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Аталмыш автобустан төрт жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді, олар - оң жақ иығы сынған 1989 жылғы Ж. есімді, басынан жарақат алып, миы шайқалған 1990 жылғы аяғы ауыр К. есімді, сондай-ақ 1989 жылғы Т. және 1962 жылы туған Х. деген азаматтар.

Ірі жол апатына кінәлі "Ауди А6"-ның жүргізуші оқиғадан кейін көліктен мемлекеттік нөмірді шешіп алып, қашып кетпекке әрекеттенген. Бірақ жол полициясы қызметкерлерінің қолына түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны