04.03.2008, 17:51 2924

Үш жасөспірім бір түннің ішінде 5 қымбат көлікті тонап кеткен

Үш жасөспірім бір түннің ішінде 5 қымбат көлікті тонап кеткен

Алматы. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Үш жасөспірім, оның екеуі 8-ші сынып оқушылары, бір түннің ішінде 5 қымбат көлікті тонап кеткен. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

"Олар бір түн ішінде бес рет көлік тонаған. Барлығында да күдіктілер көліктердің терезелерін сындырып отырған. Қызығы, кейін анықталғандай, көліктердің ешқайсысы да күзет жүйесімен жабдықталмаған", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД патрульдік полиция полкінің командирі полиция полковнигі Қанат Шалқыбаев.

Атап айтқанда, кешкі сағат он шамасында күдіктілер Бұқар жырау бульварындағы дәмхана маңына қойылған "Тойота Лэнд Крузер" көлігінің терезесін сындырып, ноутбукты ұрлап әкеткен. Сол жерде олар тағы да "Хонда" автокөлігінен сөмке және қымбат автомагнитола ұрлап кеткен.

Белгілі болғандай, тұтқындалғандардың екеуі қаланың орта мектептерінің сегізінші сынып оқушылары екен. Ал үшіншісі еш жерде оқымайды.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері машина салондарынан ұрланған зат көлемі 800 мың теңгені құрайтынын анықтады. Заттай айғақтарды (қалта телефондары, автомагнитола және ноутбук) полиция қызметкерлері тұтқындалғандардың пәтерлерінен тауып, тәркіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны