30.06.2006, 12:19 7171

Үшінші шақырылған парламенттің екінші сессиясы жабылды – толықтырылған нұсқа

АСТАНА. 30-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында үшінші шақырылған парламенттің екінші сессиясы жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Үшінші шақырылған парламенттің екінші сессиясын жабық деп жариялаймын”,- деді мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Сессияны қорытындылаған мәжіліс спикері “парламенттік жылдың ел өміріндегі маңызды тарихи оқиғаларға толы болғанын” атап өтті. “Парламент конструктивті жұмыс істеп, қоғам үшін маңызды заң жобаларын қабылдады”,- деді ол.

О.Мұхамеджановтың айтуынша, парламент 10 айда 94 заңды қабылдады. Оның ішінде 71 заңға президент қол қойып, күшіне енді. Парламент 33 халықаралық келісім –шарттарын бекітті. Олардың арасында азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактілер мен Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келісімнің маңызы ерекше.

Спикердің айтуынша, алдағы сессияда парламент ауқымды жұмыстар атқаруға тиіс. “Қазір парламенттің қоржынында 50 заң жобасы жатыр”,- деп атап өткен О.Мұхамеджанов қоғам назары Еңбек кодексі, “Жергілікті өзін-өзі басқару туралы” заң жобасы мен Экологиялық кодекстің жобасына ауып отырғанын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны