11.07.2007, 13:09 3184

Үшінші шақырылған парламенттің қоржынында 30-дан астам заң жобасы қалды

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Үшінші шақырылған парламенттің қоржынында 30-дан астам заң жобасы қалды, деп хабарлайды бүгін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Қазір парламенттің қарауында үкіметтің бастамасымен жасалған 30-дан астам заң жобасы қалды", - деді Қ.Тоқаев үшінші шақырылған парламенттің үшінші сессиясының жабылуында.

Оның айтуынша, "үкіметтің 2007-жылға арналған заң жобасын жасау жұмыстарының жоспарына сәйкес парламентке 43 заң жобасы енгізілуге тиіс". "Сол себепті алда маңызды әрі қауырт жұмыс күтіп тұр", - деді Қ. Тоқаев.

Оның айтуынша, атап айтсақ, жылдың аяғына дейін парламентке "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" және "Неке және отбасы туралы" екі кодекстің жобасы енгізілуге тиіс. Сонымен бірге "әлеуметтік қамтамасыздықты, денсаулық сақтауды, жеке кәсіпкерлікті, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктер аясын шектеу мәселелерін заңдық реттеу бойынша мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыруға бағытталған" бірқатар жоспарлы заң жобалары бар. "Икімшілік реформаларды да заңмен реттеу қажет", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны