21.02.2012, 13:42 3229

Үстіміздегі жылы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының 700 шақырымы төселеді

"Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтқан тапсырмасына сәйкес, 2012 жылы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолының 700 шақырымы салынып бітеді", - деді Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының 700 шақырымы төселеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайтынан.

"Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтқан тапсырмасына сәйкес, 2012 жылы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолының 700 шақырымы салынып бітеді", - деді Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, министрдің атап өтуінше, ағымдағы жылы Қызылорда облысындағы жол учаскесінде 520 шақырым, Жамбыл облысында 180 шақырым жол салып біту көзделуде.

Қазіргі таңда 4 облыс аумағындағы (Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) 34 учаскеде ұзындығы 1 621 шақырым жол төсеу жұмыстары жүріп жатыр.

Көлік және коммуникация министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2013 жылы 806 шақырым жол, 2014 жылы 262 шақырым және 2015 жылы 469 шақырым жол салу жоспарлануда.

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" дәлізінің Қазақстан арқылы өтетін ұзындығы 2 787 шақырымды құрайды, оның ішінде 2 452 шақырым жол қайта құрастыруға жатады. Жобаның жалпы құны 825 млрд. теңгені құрайды.

Осы жоба жүзеге асырылған соң 2020 жылға қарай жүк тасымалының көлемі 2,5 есеге артады, жобаның жүзеге асырылуынан болатын орташа жылдық жалпы экономикалық тиімділік 145,7 млрд. теңгені құрайды, шамамен 35 мың адам жұмысқа тартылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны