07.12.2012, 15:09 2736

Вице-премьер қазақстандықтарды баспана мәселесін "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы арқылы шешуге шақырды

Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаев "Халықты баспанамен қамтамасыз етудің жағдайы мен келешегі туралы" Парламенттік тыңдауларда сөйлеген сөзінде Қазақстан азаматтарын өздерінің баспана мәселесін "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы арқылы шешуге шақырды.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Вице-премьер қазақстандықтарды баспана мәселесін "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы арқылы шешуге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаев "Халықты баспанамен қамтамасыз етудің жағдайы мен келешегі туралы" Парламенттік тыңдауларда сөйлеген сөзінде Қазақстан азаматтарын өздерінің баспана мәселесін "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы арқылы шешуге шақырды.

"Біз халыққа баспана мәселесін "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы шеңберінде шешуді ұсынамыз", - деді Қ.Көшербаев.

Бүгінде республикадағы еңбекке қабілетті халықтың төрттен бірі ғана тұрғын үй мәселесін өз беттерімен шеше алады деп атап өтті ол.

Қазір өздерінің тұрғын үйге мұқтаждығын ресми мәлімдеген 200 мың адам үй кезегінде тұр.

Тәуелсіз сарапшылардың мәліметтеріне қарағанда, баспана дефициті 28 млн шаршы метрді құрайды, бұл шамамен 400 мың отбасы деген сөз.

Қ.Көшербаев өз сөзінде "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының арқасында 8 жыл ішінде 60 млн шаршы метр тұрғын үй салып, 1 миллиондай отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарланған деді.

Бұдан басқа, екінші пайдаланудағы 35 млн шаршы метр тұрғын үй жаңғыртылып, отандық құрылыс матеиалдарын өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 90% дейін артатын болады.

Тәуелсіздік жылдары 1,5 миллионнан астам қазақстандықтар өздерінің үй жағдайларын жақсартты. 2005-2007 жылдары ішінде ғана 17 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны